Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні колледжде студенттерге арнап құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысуымен «Құқықбұзушылық және заң алдындағы жауаптылық» атты дөңгелек үстел өткізілді. Аталған іс – шараға Қобда аудандық прокуратураның прокуроры А.А.Әбіл, Қобда аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Ж.И.Акмолдина, аудандық ПБ – нің КТІЖ инспекторы Е.Н.Дабысов қатысты. Дөңгелек үстелдің басты мақсаты: студенттерге дұрыс құқықтық тәрбие мен құқықтық білім беру, жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, қылмысты болдырмау. Себебі жастар арасындағы қылмыстың өсуі қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Дөңгелек үстел барысында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Мұратқызы колледжішілік құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша өткізілген жұмыстар туралы тоқталып өтті. Іс- шараға қатысушылар студенттерге заңға қайшы әрекеттердің шығу себебі, оны алдын алу, болдырмау тұрғысында өз ойларын ортаға салып, толғандырып жүрген көкейтесті сұрақтарына нақты жауаптар берді.
https://kobda-college.kz/kz/247/170-y-b-zushyly-zh-ne-za-aldynda-y-zhauaptyly.html#sigFreeIdf749d466e4