МКҚК «Қобда көпсалалы колледжі» туралы
ақпарат
Қобда көпсалалы колледжі 1959 жылы Қызылжар ауылында машина-трактор станциясы негізінде СПТУ №117 болып құрылды. Осы уақыт аралығында колледжден 4000-нан астам түлек білім алып, ауданымыздың әр саласында еңбек етуде.
2012 жылы МКҚК «Қобда көпсалалы колледжі» болып қайта атауы өзгертілді.
2000 жылдан бастап Қобда көпсалалы колледжінің басшысы - А.С.Курганбаев аудандық маслихат депутаты (1979 жылдан бастап кәсіптік жұмысын осы колледжде өндірістік оқыту шеберінен бастаған). Білім саласында көп жыл еңбек етті.
«ҚР Үздік оқытушы» төс белгісімен марапатталды. Басшылық еткен жылдарда А.С.Курганбаев колледждің материалдық-техникалық қорын нығайтуда көп еңбек етті.
Колледждің жалпы ауданы 10606 шаршы метр, 3 қабатты оқу корпусы, жобалық қуаттылығы-300 орын.
2009 шаршы метр оқу өндірістік шеберханасы, 120 орындық асханасы, 500 шаршы метр спорт залы, 1 компьютерлік кабинет, интерактивтік тақтамен жабдықтандырылған 1 мультимедиялық кабинет,мәжіліс залы, асхана, дәрігер бөлмесі, 20 орынды кітапхана, оқырман залы, 50 орынды қамтитын жатақханасы бар. Колледжде жалпы білім беретін 11 кабинет және арнайы білім беретін 2 өндірістік шеберхана бар. 2009-2010 жылдары жаңа технология бойынша физика, ЛМК, ЖЖЕ кабинеттері құралдармен жабдықталып, интернеттік жүйеге қосылған. 8 жинақталған мультимедиялы инновациялық подиум толығымен қолданылуда.
2013 жылы колледждің оқу корпусы күрделі жөндеуден өтті. Жөндеуге бөлінген қаражат мөлшері: 54006,6 мың теңге.
Ауылдық аймақтан келген студенттер жатақханаға орналасады. Жатақхана барлық жағдайы жасалған, теледидар, музыка тындау құрылғысы және төсек-жабдықтарымен толықтай қамтылған.
2016-2017 оқу жылында колледж мемлекеттік бюджет есебінен 3 мамандық бойынша 75 студент қабылдады. Ол «Фермерлік шаруашылық» аспазшы, «Фермерлік шаруашылық» ауылшаруашалық өндірісіндегі тракторист-машинисі және «Дәнекерлеу ісі» газбенэлектрдәнекерлеуші мамандықтары бойынша мамандар оқытылуда. Үлгерімі өте жақсы, жақсы оқитын студенттерге стипендия және ауылдық аймақтан келген студенттер жол ақысын алып отырады.
Оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып,білім сапасын арттыру, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай ұрпақты тәрбиелеу барысында Қобда көпсалалы колледжінде 2017-2018 оқу жылында 27-инженер-педагог қызмет етуде. Оның 24-і жоғары білімді, 3-уі-арнайы орта білімді мамандар. Жоғары санатты-4, І-ші санатты-10 педагог. Жыл сайын арнайы кесте бойынша мұғалімдер ұжымы Ақтөбе және Орал қаласындағы қайта даярлау және біліктілігін арттыру институтында курстан өтеді. Педагогикалық кадрларды жинақтау үшін үзілмес жұмыс жүргізілуде. Бүгінде колледжде – өндірістік-оқыту шеберханалары,10 оқу кабинеті мен зертханалар студенттерге кәсіби бағытта білім беру мақсатында қажетті жабдықтармен жабдықталған.
Республикалық бюджеттен бөлінген -25 млн.теңге көлеміндегі қаржыға колледждің материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2-трактор, «КИА» автокөлігі, 2-автотренажер,3- жылжымалы дәнекерлеуші аппараты сатып алынды. Колледж бітіруші түлектерге оқыған мамандықтарына қосымша «В,С-категориялы автокөлік жүргізушісі» куәлігін береді.
Білім беру бағдарламасының басты құрамасы колледжде өндірістік оқыту мен оқушылардың практикасы болып табылады. Өндірістік оқытудың басты мақсаты: белгілі бір мамандық бойынша оқушылардың кәсіптік шеберлігін қалыптастыру.
2015-2018 оқу жылдары аралығында қол жеткізген жетістіктер де аз емес.
2015 жылы механизаторлар арасында өтетін облыстық байқау біздің колледжде өтті.
Аталған байқауда колледж студенті Ерниязов Жанболсын «Гран-при» иегері атанды;
Кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында өткен «Үздік механизатор-2016»
атты облыстық байқауында колледж студенті Демесбай Серік «Үздік таныстыру» номинациясы иегері атанды;
Кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында өткен «Үздік аспазшы –кондитер-2017» атты облыстық байқауында колледж студенті Гладков Максим «Үздік таныстыру» номинациясы иегері атанды;
Кәсіптік білім беру мекемелерінің арасында өткен «Пісіру ісі технологиясының чемпионаты-2017» атты облыстық байқауында колледж студенті Яндиев Артур жүлделі орынды иеленді.