Қарау: Стандарт
Қарау: Регламент
Паспорт государственной услуги:
Қызметтің атауы |
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарындағы тәрбиеленушілер мен білім алушылардың жекелеген санаттағы азаматтарына, сондай-ақ, қорғаншылық (қамқоршылықтағы) пен патронаттағы тұлғаларына тегін тамақтандыруды ұсыну |
Қызметті көрсететін мемлекеттік орган |
Мемлекеттік қызметті жергілікті атқарушы органдар және жоғары оқу орындары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді. |
Өтініштерді қабылдауды және нәтижелерін беруді жүзеге асыратын мекеме |
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет өтініштерін қабылдау және нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. |
Қызметті алушылар
|
Жеке тұлғалар |
Қызметтің құны |
тегін |
Қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 күнтізбелік күндер; 2) көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 минут; 3) көрсетілген қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут. |
Мемлекеттік қызметтің көрсетілетін нысаны |
қағаз түрінде. |
Жұмыс кестесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ге дейінгі түскі үзіліспен көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес. |
Қажетті құжаттар
|
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) ата-анасының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың еркін нысандағы көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына жазбаша өтініші; 2) көп балалы отбасылардың балалары үшін туу туралы куәлігінің көшірмесі; 3) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тәрбиеленетін балалар үшін қамқорлықты (қорғаншылықты) және патронаттық тәрбиені бекіту туралы анықтаманың көшірмесі; 4) мүгедектер және бала кезінен мүгедектер үшін мүгедектігі туралы анықтама немесе даму мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның медициналық қорытындысының көшірмесі; 5) атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балалар үшін өтініш берушінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар ұсынатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушыларға жататынын растайтын анықтама; 6) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балалар үшін алынған табысы туралы анықтама (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жалақысы, кәсіпкерлік қызметтен және басқа қызмет түрлерінен түсетін кірісі, балаларға және басқа да асырауындағыларға арналған алимент түріндегі кірістер). |
Мемлекеттік қызметтің нәтижесі |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – тегін тамақтандыруды ұсыну немесе бас тарту туралы еркін нысандағы шешім. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз жүзінде. |