Жаңалықтар
Тәуелсіздік- ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздігіміздің 27 жыл толуына орай колледжіміздің 1 курс «аспазшы» мамандығының студенттерімен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Топ кураторы Т.Р.Алпамысқызы.
Облыс басшысы Б.Сапарбаевтың бастамасымен жүзеге асып отқан «Бақытты бала» жобасы аясында колледжде іс-шара ұйымдастырылды.Облысымыздың маслихат хатшысы Сания Қалдығұлова бастаған бірнеше депутаттар аудан әкімі Ш.М.Зинабдинұлы балаларға жылы лебіздерін білдіріп, облыстық маслихат депутаттары атынан бағалы сыйлықтар табысталды.
«Өмір бойғы ұран-салауатты өмір салты» атты спорттық іс-шара. Спорттық эстафета «Электргазбен дәнекерлеуші» мамандығының 1 курс студенттері арасында өткізілді.
Колледжіміздің көптен оқытып келе жатқан мамандықтарының бір ол –Аспазшы мамандығы. 3 курс студенттерімен өткізілген «Тұздықтардың түрлері» атты ашық сабағын Б.С.Шынтасқызы 2 топқа бөліп тұздық түрлерімен таныстырып теория жүзінде оқығандарын практика барысында көрсете білді.
Қазақстан Респубикасының тұңғыш президент күні қарсаңында ұйымдастырылған «Ғасырдың ғажап азаматы» атты 1 курс студенттерінің ашық тәрбие сағаты. Сабақтың мақсаты: Болашақ ұрпаққа Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру, ел президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу. 1 курс студенттері «Электргазбен дәнекерлеуші» мамандығы топ кураторы Г.Темиргалиевна.
«Мен болашағымды таңдаймын» атты кәсіби бағыт-бағдар беруге арналған ашық есік күні. Іс-шара мақсаты: әр мектеп түлегінің өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру.
Ұлыстың ұлы күні Қобда көпсалалы колледжінде әз-наурыз барлық сән-салтанатымен аталып өтті. Мерекелік іс-шарада студенттер, оқытушылар қазақы нақышта ұлттық киімдер киіп, дәстүрлі әндер айтылып, салт-дәстүрімізден «Тұсаукесер» рәсімі жасалып, ұлттық ойындар ойнатылды.