Тәуелсіздік алғанымызға 30 жыл толғалы отыр.Осыған орай,колледжімізде әр топ студенттері арасында іс-шаралар өткізілді.Соның ішінде 10 топ кураторы Байгутдиева Сания Шинтасовна "Тәуелсіздік бесігінде тербелгелі 30 жыл",-тақырыбында тәрбие мен тағылымы зор ашық тәрбие сағатын өткізді.Сабақтың негізгі мақсаты Патриоттық тәрбие беру.Сабаққа студенттер белсене қатысты және өз елінің патриоты екендіктерін өлең шумағы және өз ойларынан жазған эсселері арқылы білдіре алды.Сабақ өте жоғары деңгейде өтті. Сабақта көптеген көрнекіліктер мен интерактивті тақтаны қолдану арқылы жоғары шеберлікпен ұйымдастырылған.Сабаққа колледж директоры А.С Курганбаев бастаған колледж әкімшілігі, кураторлар қатысып, студенттерді құттықтады!