Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 7 – сі Қобда көпсалалы колледжінде «Зорлық – зомбылықсыз 16 күн» атты республикалық акция аясында ата – аналар және колледж студенттерімен кездесу өтті. Кездесуде Қобда аудандық полиция бөлімінің әйелдерді тұрмыстық зорлық – зомбылықтан қорғау тобының инспекторы А.Курпешева дәріс оқып, тақырыпқа қатысты үлестірмелі қағаздар таратып берді.