Қобда ауданы,Қобда көпсалалы колледжінің базасында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Кеңес Одағының Батыры Иманғали Білтабановтың құрметіне колледж студенттері арасында волейболдан облыстық ашық турнир қараша айының 5-і күні өтті. Бұл спорттық іс -шара «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. 2017-2019 жылдар аралығында Қобда көпсалалы колледжінің базасында волейболдан облыстық жарыстар өткізілді. Бұл жұмыс пандемияға байланысты тоқтатылып еді,бірақ 2021 жылы жарыс қайтадан облыстық колледж білім алушылары арасында ұйымдастырылды. Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз.Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты,әрі шыдамды болады. Іс-шараның ашылу салтанатына Аудан әкімі Кулов Болат Ахметұлы, облыстық білім басқармасының өкілі Иманова-Медеуова Динара Исламқызы, Ақтөбе облыстық ғылыми-практикалық орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің меңгерушісі Жубаедыкова Меруерт Күнболқызы, «Өрлеу» Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтын кафедрасының оқытушысы Бухарбаев Болат Қайроллаұлы, Қобда аудандық маслихатының хатшысы Ергалиев Жанболат Қанатбайұлы, бас төреші Канатбаев Адилбек Сапарұлы, И.Білтабановтың ұрпақтары Білтабанов Серіккалий Искакович және Білтабанова Зада Заривановна барлық қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл қатысушыларға демеу көрсетіп жатқан азаматтар: «Ажар» шаруа қожалығының басшысы -Бекбусинов Габидулла Кувашович, «Абай» шаруа қожалығының басшысы – Масабаев Сахи Изимович; Жетписбаев Дархан Балгабайұлы – демеуші. Ел болашағына жауапты жастардың өмір тіршілігінің жарқын болуы мен білім алуы жолында аянбай көмек етіп, игі істеріңіз арқылы жақсылық жасай біліп демеушілік танытқаныңызға алғыс білдіреміз! Еңбек жолыңызға толағай табыс пен отбасыңызға береке-бірлік тілейміз!
Іс-шара өз мәресіне жетіп,қатысушылар марапатталды.
Қорытындысы:
Ауыспалы кубокты Хромтау тау-кен техникалық колледжінен 1-ші орынға ие болған Баишев жоғары медициналық колледжінің студенттеріне тапсырылды.
2-орын: Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің командасы.
3-орын: Хромтау тау-кен техникалық колледжінің командасы.