Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауында бірінші басымдықтың үшінші кешенді міндеті – еңбек нарығын жаңғырту. Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды жаппай кәсіпкерлікке ынталандыру мақсатында биыл «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы» жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауға, жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне орай дуальді оқытуды қолдана отырып, қысқа мерзімде кәсіптік оқуға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда бұл бағытта жұмыс қала, аудандардың халықты жұмыспен қамту орталықтары, білім ошақтары арқылы жүйелі жүзеге асуда.

 

Қобда ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы еңбек нарығының сұранысына сәйкес кәсіп пен дағдыға жұмысшы мамандарды қысқа мерзімде оқытуда. Жұмыспен қамту орталығы арқылы жаңа жұмысшы мамандығын санаулы мерзімде игерген маман еңбек нарығының сұранысын өтейтін болады. Қобда ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» бірінші бағыты – «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» бойынша өңірлік комиссия арқылы 2017 жылы оқытатын ұйымдар анықталған. Олардың қатарында Қобда көпсалалы колледжі бар. Маусымның 12-ші жұлдызынан қысқамерзімді оқуға 57 тұрғын жолдама алды. Жолдама алған бағдарламаға қатысушылар дәнекерлеу ісі, тамақтануды ұйымдастыру, тігінші бағытында білім алып, дағдыланады.

 

Қысқа мерзімді оқыту тек қана Қобда ауданының төңірегінде ғана емес, сондай – ақ Ақтөбе облысы бойынша Қарғалы, Байғанин, Мартөк ауданындада колледжіміздің оқытушылары білім беріп жүр. Мұнда атап айтсақ колледж директорының оқу – өндірістік орынбасары Сукулова Гульжаннат Конысбаевнаның еңбекгң орасан зор. Әрбір жұмыссыз қалған өз кәсіпкерлігін, өз мамандығының нағыз шебері болуға берген тәлім – тәрбиесі мол оқытушылардың бірі.