Қобда көпсалалы колледжі 2020 -2021 оқу жылында  қазіргі эпидемиологиялық жағдайға байланысты шектеу шаралары кезеңінде санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, штаттық негізде оқытылады. Жаңа оқу жылында 100 талапкер (50 – жергілікті бюджеттен, 50 – республикалық бюджеттен) оқуға қабылданды.

Қазіргі таңда колледж дезинфекциялық және санитарлық қауіпсіздік құралдарымен толық қамтамасыз етіліп отыр.

Оқу барысында: оқу ауысымы 2 мезгілге ауыстырылды, әр топ екіге бөлініп 15 білім алушыдан отырғызылатын болады. Әр оқу кабинеттерінде дезинфекциялық құрылғылар (антисептик, медициналық қобдиша, кварц шамдары) орналастырылды. Әр 30 минут сайын дезинфекциялау жұмыстары, желдету уақытылы күнбе күн жүргізілетін болады. Колледж ғимараттарына кіре берісте тонель орналастырылды. Бет перде кию режимі қатаң сақталып, медициналық бақылау күшейтілді