Ақтөбе облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 20.10.2021 жылғы №46 Қаулысына сәйкес Кобда көпсалалы колледжінің ата – аналарымен жиналыс өткізді. Жиналысқа Қобда аудандық ауруханасының салауатты өмір салтын сақтау дәрігері С.А.Серік, эпидемиолог дәрігер Ж.Жумалина және Қобда аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы Т.Т.Демесинов қатысты. Мұндағы мақсат «Pfizer» вакцинасы туралы ақпараттық – түсіністік жұмыстарын жүргізу, вакцинаға қатысты көзқарастарын білу, көкейдегі сұрақтарға жауап беру болатын.