Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылы, Қобда көпсалалы колледжі

Директордың оқу – өндірістік ісі жөніндегі орынбасары

Сукулова Гульжаннат Конысбаевна

 

Президенттің жолдауы – кемел келешек кепілі.

Аннотация

 

  • Қазақстан Республикасының Президенті Қасым -Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауының негізі Әлеуметің әлеуетін көтеруге бағытталған шаралар болып отыр.

 

Президент жолдауында осы және басқа да өзікті проблемалар жайында көпшіліктің көкейінде жүрген сауалдарына тұжымды әрі нақты жауаптар берілді дегенге саяды. Тағы бір айта кететініміз президентіміз өз жолдауында пандемияның салдарынан оқушыларымыздың білімін көрсету керектігін атап өтті.

 

Президент Қ. Кемелұлы Қазақстан халқына бұл әлемдік деңгейдегі кризистен Қазақстан халқына тән болған  асқан сабырлылық пен кемел кемеңгерлік арқасында жеңіп шыға алатындығымызға зор сенім білдіре отырып, Қазақстан халқын тағы бір рет ынтымақ бірліккке шақырды.

 

  • В основе традиционного послания Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Кемелевича народу Казахстана лежат меры, направленные на повышение социального потенциала.

 

В послании президента даны исчерпывающие  ответы на все интересующие вопросы, касающиеся  этих и других проблем. Следует отметить, что в своем послании Президент подчеркнул необходимость продемонстрировать знания наших студентов в результате пандемии.

 

Президент К. Кемелевич в очередной раз призвал народ Казахстана к единству, выразив огромную уверенность в том, что мы сможем победить этот кризис мирового уровня благодаря его непомерной выдержке и совершенству, присущим народу Казахстана.

 

  • The basis of the traditional Address of the President of the Republic of Kazakhstan Kassym-Zhomart Kemelovich to the people of Kazakhstan are measures aimed at building the capacity of society.

 

That the President's address provided concise and clear answers to the most pressing questions about these and other pressing issues.It should be noted that in his message, the President stressed the need to demonstrate the knowledge of our students as a result of the pandemic.

 

President K. Kemelovich once again called on the people of Kazakhstan to unite, expressing confidence that we can overcome this world-class crisis thanks to the great patience and wisdom of the people of Kazakhstan.

 

Қасым-Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жариялады. Жалпы тәуелсіздігіне отыз  жыл уақыт болған ел егемендігінің тарихына үңілсек, мемлекетіміздің алуан бағыттағы тыныс тіршілігінің дамуына бірден - бір ықпал еткен фактор. Тәуелсіздік-ең басты қасиетті құндылығымыз.

 

Қазір еліміз ғана емес, әлем үшін жағдай айтарлықтай ауыр. Оған бір ғана себеп – коронавирус пандемиясының салдары.  Күн сайын эпидемиологиялық жағдайдың бағалау көрсеткіштері көңіл көншітпейді. Бұл барлық елге үлкен қиындықтар алып келді. Экономикалық өсу көрсеткіштерін төмендетті. Денсаулық сақтау саласына айтарлықтай күш түсті. Білім беру саласында онлайн өмірді қалыптастырды. Иә, барлық салада онлайн жұмыстар жүріп жатқанымен, білім беру, ғылым салаларында бұл жұмыстардың дәстүрлі форматтағыдай болмайтынына тағы бір рет көзіміз жетті. Бұл қиындықтарды да кезең-кезеңмен еңсерерміз. Президент осы мәселелерді жолдауында «Пандемия кезінде қашықтан оқытудың нәтижесі ұлттық телекоммуникация желілерінің тиімділігі төмен екенін көрсетті. Мұндай ахуал негізгі, қарапайым білімнің өзін меңгере алмаған оқушылардың саны артуына әкеп соқты. Тағы бір проблема – нағыз қиындық осы деуге болады, балалар оқуын тастап кетіп жатыр. Өйткені білім алуды қажет деп санамайтын болды», – деп атап көрсетті.

 

Елбасымыз өз жолдауында білім беру жүйеміз қолжетімді инклюзивті болуы қажет деп айта кетті. Білім – аса құнды капитал. Сондықтан білімге инвестиция салу өзіңді шыңдап қана қоймай, еліне, жеріне, Отанына қызмет ететін маңызды қадам екенін естен шығармау керек. Ең білімді мамандары бар мемлекетте өмір сүрудің барлық жағдайы тұрақты әрі сапалы болады.

 

Қорыта айтқанда, Президент Жолдауынан кейінгі түйін – жоғары білім беру саласының алдында кәсіби кадрларды даярлау тұрғысынан мемлекеттің үмітін ақтау міндеті тұр. Яғни, жасампаз шығармашылық кәсіби мамандарды дайындап, ел игілігіне қызмет істеуге жұмылдыру. Демек, академиялық қауымдастықтың ендігі ісі – қазақстандық білімді білім берудегі әлемдік көшбасшылардың деңгейіне шығару. Осынау игілікті істердің нәтижелі болуына сенім білдіремін және өз үлесімді қосуға мүдделімін деп санаймын.