Жаңалықтар
«Үздік Аспазшы, Кондитер»-2016 байқауының ІІІ орын иегері Гладков Максим
Тәуелсіздік- ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздігіміздің 27 жыл толуына орай колледжіміздің 1 курс «аспазшы» мамандығының студенттерімен «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді. Топ кураторы Т.Р.Алпамысқызы.
Облыс басшысы Б.Сапарбаевтың бастамасымен жүзеге асып отқан «Бақытты бала» жобасы аясында колледжде іс-шара ұйымдастырылды.Облысымыздың маслихат хатшысы Сания Қалдығұлова бастаған бірнеше депутаттар аудан әкімі Ш.М.Зинабдинұлы балаларға жылы лебіздерін білдіріп, облыстық маслихат депутаттары атынан бағалы сыйлықтар табысталды.
«Өмір бойғы ұран-салауатты өмір салты» атты спорттық іс-шара. Спорттық эстафета «Электргазбен дәнекерлеуші» мамандығының 1 курс студенттері арасында өткізілді.
Колледжіміздің көптен оқытып келе жатқан мамандықтарының бір ол –Аспазшы мамандығы. 3 курс студенттерімен өткізілген «Тұздықтардың түрлері» атты ашық сабағын Б.С.Шынтасқызы 2 топқа бөліп тұздық түрлерімен таныстырып теория жүзінде оқығандарын практика барысында көрсете білді.
Қазақстан Респубикасының тұңғыш президент күні қарсаңында ұйымдастырылған «Ғасырдың ғажап азаматы» атты 1 курс студенттерінің ашық тәрбие сағаты. Сабақтың мақсаты: Болашақ ұрпаққа Елбасының өмірін, еңбек жолын үлгі-өнеге ете отырып, патриоттық сезімдерін арттыру, ел президентін құрметтеуге, егемен елімізге қамқор бола білуге тәрбиелеу. 1 курс студенттері «Электргазбен дәнекерлеуші» мамандығы топ кураторы Г.Темиргалиевна.
«Мен болашағымды таңдаймын» атты кәсіби бағыт-бағдар беруге арналған ашық есік күні. Іс-шара мақсаты: әр мектеп түлегінің өзі таңдайтын мамандық туралы ойын бір жүйеге келтіріп, дұрыс таңдау жасауына көмектесу, өз бетінше шешім қабылдап, өзіндік мақсатын айқындай білу қабілеттілігін арттыру.